Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Мешіт емес, мектептерді көбейту керек…»: Нұрлан имам тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

17:13, 11 наурыз 2026

«Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы мектеп салу мәселесі жөнінде өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Имам қазақ жастарының оқуы мен салаға сай мамандануы туралы сұхбатында айтып берді.

«Мектеп салайын ба? Мешіт салайын ба?» деген сұрақ болды. «Сіз қайсысын қолдайсыз» деді. Мен «Мектеп сал» дедім. Бізге қазаққа оқыған бала керек. Ең супер әлемнің мектебін алып келу керек. Бэтфордтың мектебін алып кел. Гарвардтың мектебән алып кел. Неге біздің балалар оқымасын? Оқысын! Ол жаққа бармай, Гарвардтың ұстаздары келсін бізге! Бізге таңғалып қарайтын болсын! 100-120 қабат мешіт бар екен. 65 метр мұнара бар екен. Ішінде Своровкийдің хрусталі не керек бізге? Өзі хадистерде де келеді: «Ақырет жақындағанда адамдар бос мешіттермен мақтанады». Бос мешіттің ішінде адамдар болатын шығар. Бірақ, жүрек бос болады. Олардың істері бос болады. Сол нәрселер көбейіп барады. Бізге мектеп салсын! Мешіт салатын жігіттер мектептен шығады. Тарыдай болып кірген баланы таудай қылып шығарады. Оқу орнын салыңыз! Жоғары оқу орнын, кәсіптік білім беретін орын салсын! Сварщиктер жоқ бізде! Бізде техникалық мамандықтар жоқ. Атырауды су басқан кезде бізде гидродан хабары бар адам жоқ екен ғой.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар