Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әскери адам 15 жасар қызды зорлаған»: Ақтөбеде орын алған сұмдық қылмысқа қатысты үкім шықты

13:24, 11 наурыз 2026

Ақтөбе қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты ауыр қылмыс жасаған әскери қызметкерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Alash.kz. 

Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша айыпталған ер адам он бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық істі тергеумен Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері айналысты. Жәбірленушінің кәмелетке толмағандығына байланысты іс материалдарының егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Сот отырыстары Астана қаласындағы сотта жабық режимде өтті.

Сот материалдарында қылмыстың мән-жайы туралы қысқаша мәлімделген: «Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды».

Сот шешімімен бұрынғы әскери қызметкер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Сонымен қатар, ол әскери атағынан толық айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар