Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тоғыз айда 90 мың адам жауапқа тартылды»: Отбасылық жанжал шығаратындар туралы дерек жария болды

12:22, 07 қазан 2026

Қазақстанда жыл басынан бері отбасының берекесін кетіріп, тұрмыстық жанжал шығарған ер адамдардың саны күрт артып кетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Осыған байланысты өткен Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында мекеменің баспасөз қызметі:

«Былтыр дәл осы уақытта дәл осы бап бойынша жазаланған ер адамдардың саны 18,4 пайыз аз еді. Ал биыл олардың саны көбейіп, тоғыз айда 90 мыңға жеткен. Олардың ішінде 25 мың ер адам әкімшілік жолмен қамалған», — деп ресми мәлімдеме жасады.

Ресми деректерге сүйенсек, тәртіп сақшылары отбасы тыныштығын бұзған 73 мың азаматқа жұбайына жақындауға шектеу қоятын арнайы бұйрық шығарған.

Алайда құқық қорғау органдары тыйымға қарамастан заң бұзғандардың азаймай тұрғанын жеткізді:

«Осы 73 мың адамның ішінде 20,5 мың ер адам әйеліне қайта жақындап, мазасын алған. Сондықтан, баласы бар 4,5 мың әйел дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр болды».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар