Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ТЖМ: Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес

11:16, 05 наурыз 2024 499

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыда болған жер сілкінісі бойынша жағдай туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, барлық қажетті шаралар жүзеге асырылып жатыр.

«Кеше болған жер сілкінісі бойынша министрлік бірінші минуттардан бастап қажетті шараларды үйлестірді. Азаматтардың арасында үрейді болдырмау үшін жер сілкінісі және халықтың одан әрі әрекеттері туралы хабардар етуді бастады. Сөйлеу дабылы, сирена және жергілікті объектілер жүйелері тартылып, телерадио каналдары арқылы жеткізу жүзеге асырылды. Республикалық және өңірлік жедел штабтар ашылып, 384 азаматты қабылдау пункті ұйымдастырылды. Тәулік бойы жедел желі жұмыс істеуде. Кеше қабылдау пункттеріне 3 мыңға жуық адам орналасты. Оның ішінде 906 бала», - деді Ш.Әрінов.

Ал әкімдіктермен бүлінген, қираған ғимараттарды анықтау бойынша тексеру жалғасып жатыр. Тіпті әуе кемесімен сел қаупі бар аумақтарды аэровизуалды зерттеу жүргізілген.

«Алгоритмге сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды. Қазір Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жер сілкінісін кез келген төтенше жағдай секілді алдын ала болжау мүмкін емес. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге ұшыраған жоқ», - деді ТЖМ басшысы.

Оның сөзінше, бүгінде республика аумағында сейсмикалық жағдай тұрақты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар