Бақытжан Байжановтың қорғаушысы сот отырысы кезінде TikTok желісінде тікелей эфир жүргізу арқылы қосымша табыс тапқан деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы апелляциялық сот барысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеді. Ол Байжановтың адвокаты Әлібек Секеров сотта сотталушының мүддесін қорғағаны үшін ғана ақы алып қоймай, желі арқылы да ақша тапқанын айтқан.
"Егер Секеров туралы айтатын болсақ, ол судьяның рұқсатынсыз TikTok-та тікелей эфирге кіріп, сол арқылы ақша тапқан. Артынша судья оған тікелей эфир жүргізуге тыйым салды", – дейді марқұмның ағасы.