Кеңес Одағы және Ресей театр мен кино өнерінің көрнекті өкілі, Ресей Федерациясының халық әртісі Анатолий Лобоцкий 67 жасында қайтыс болды. Қайғылы хабарды марқұмның жақын туыстары растады, деп хабарлайды Alash.kz.
Анатолий Лобоцкий көрерменге «Гражданин начальник», «Тайны следствия», «Улицы разбитых фонарей» сынды танымал фильмдер мен телехикаялардағы рөлдері арқылы кеңінен танылған. Ол ұзақ жылдар бойы Санкт-Петербургтегі Ленсовет атындағы академиялық театрдың сахнасында қызмет етті.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында актердің денсаулығына қатысты алаңдатарлық мәліметтер тараған еді. Кей деректерге сүйенсек, 2024 жылдың басында оған тез өршитін ісік диагнозы қойылып, өкпесінің бір бөлігі алынған. Алайда дерт кейін басқа ағзаларға тарағаны хабарланған.