Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тероризмді насихаттады деген сезікпен Қазақстанның үш азаматы құрықталды

10:04, 05 мамыр 2024 486
2-3 мамыр күндері Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және прокуратура органдары өзара байланыста жұмыс жүргізіп, Қазақстанның үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ұсталған азаматтар терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді.  Сонымен қатар, құзырлы органдар оларды республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты бар деп шүбәланды.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. 

Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. 

"Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар