Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тергеу изоляторында қайтыс болды»: Жасөспірімді зорлады деп айыпталған экс-шенеунік туралы ақпарат тарады

08:49, 18 наурыз 2026

Орал қаласындағы тергеу изоляторында жатқан Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Әлібек Жүпілов қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, 57 жастағы күдіктінің өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін. Бұған дейін де оның денсаулығы сыр беріп, жағдайының нашарлағаны туралы мәліметтер тараған болатын. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер бұл оқиғаны атқару жүйесіндегі төтенше жағдай ретінде бағалап отыр.

Әлібек Жүпіловке қатысты биылғы жылдың қаңтар айында Қылмыстық кодекстің 120-бабы («Кәмелетке толмағанды зорлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған еді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жолдану сатысында тұрған болатын. Айыпталушыны жерлеу рәсімі 18 наурызға жоспарланған.

Еске сала кетсек, бұл іс бойынша Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны жәбірленуші деп танылған. Жасөспірім қыздың айтуынша, ол әлеуметтік желіде өзін жас жігіт ретінде таныстырған тұлғамен хат алмасқан. Кейін күдікті қызды үйіне шақырып, такси жіберген және мекенжайға келген бойда оған күш қолданып, жыныстық қатынасқа түскен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар