Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тергеу изоляторынан шыққан соң… Өлім себебі - улану»: Шымкентте 23 жасар бойжеткен қайтыс болды

18:07, 17 мамыр 2026

Шымкент қаласында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен екі айға қамауға алынған 23 жастағы бойжеткен уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне дәрілік препараттан улану себеп болған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар азаматшаның өліміне қатысты ғана емес, изолятордағы ұстау талаптарының сақталу деңгейін тексеру мақсатында да қылмыстық істер қозғап, арнайы тергеу амалдарын қолға алды.

Қайғылы оқиғаның алдында бірқатар күмәнді жайттар орын алған. Мәліметтерге қарағанда, бойжеткен танысының үйіне барғанда, ондағы мас күйдегі жігіттердің бірі оған күш көрсетіп, әдепсіздік жасамақ болған. Қорлықтан қашқан бойжеткен далаға шығып, құрбыларына геолокация арқылы көмек сұрап үлгерген. Кейін сол үйдің маңында ер адамдар арасында жаппай төбелес басталып, оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары пышақ жарақатын алған жасөспірімді анықтаған.

Полиция департаментінің нұсқасы бойынша, бойжеткен мен жасөспірім арасында жанжал туындап, салдарынан кәмелетке толмаған балаға пышақ салынған. Осы дерек негізінде екі айға күзетпен ұстауға үкім кесілген бойжеткен 15 мамырға қараған түні камераластарына өзін нашар сезініп тұрғанын айтқан. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар