Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Теңгемізді алып, төбемізге тышып..." Легионер футболшы Қазақстанды Африкаға теңеді

16:31, 26 наурыз 2024 654

Қызылорданың “Қайсар” командасында ойнаған Антон Матвеенко деген біреу Белоруссияға қайтып барған соң, сыбағанымызды беріпті. Оның айтуынша Қызылордада адамнан гөрі түйелер көп көрінеді. Мұндағы халық тәртіп дегеннен мүлдем хабарсыз. Әуежайда жүктерінді реттеу деген жоқ, апарып бір жерге үйіп қояды. Жолдары жол емес, шытынап, жарылып жатқан бірдеңе. Стадиондары да ойнауға жарамайды.

Қысқасы, кезінде көп ақша беріп, төбемізге көтерген бұл Матвиенко бізді сонау артта қалған Африка елдерінің бірінің қатарына қосып қойыпты.

Сірә, өзіне қарасаң орыс секілді, тегіне қарасаң украиндық секілді, сөзіне қарасаң нағыз шовинист болып шығатын бұл сүмелекке қаймағы бұзылмаған қазақ өңірі ұнай қоймаса керек. Атамыз қазақ “Сары орыстың бәрі орыс” дегенде осындайларды меңзеген шығар.

Өзімізге де сол керек. Қара домалақтарымызға жол ашудың орнына, шетелге қарап, ауыз ашамыз да отырамыз. Ал мұндайлар енді осы біздің Қостанайдың “Тоболында” да жетіп артылады. Шынайы бет пердесі теңгемізге әбден тойып, еліне кеткен соң ғана ашылады. Күте тұралық.

Айтпақшы, көретін қызығыңыз бен шыжығыңыз әлі алда. Биылғы жылдан бастап шетелдерден осы Матвеенко секілді келімсектерді шақыруға деген шектеу алынып тасталды. Аман болсақ, талай сөзді есітеміз әлі. Чао-какао!

Жайберген Болатов

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар