Теміртау пәтерлерінің бірінен үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Үш мәйітпен қатар пәтерден аш иттер де табылған. Бұл хабарды көршілері мәлімдеген. Аш иттің үрген даусынан шаршаған олар шағымданған.
"Мәйіттердің бұл пәтерде қанша уақыт жатқанын білмейміз. Иттердің үнемі үріп, қыңсылағанын байқадық. Содан көршілер жаман иісті сезді. Полиция шақырдық, олар құтқарушылармен бірге келді. Есікті ашса, үш мәйіт пен аш иттер жатыр екен. Бұл – пәтердің иесі, оның ұлы және басқа ер адам, яғни баланың досы болуы мүмкін. Біз әйелдің қатерлі ісікке шалдыққанын білдік. Иттер ыңылдап, қарны ашқан. Марқұмдардың бетін тістеп тастағаны анық, бірақ көп емес", — дейді марқұм әйелдің көршілерінің бірі.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мән-жайды анықтап жатқанын айтты.
"Мәйіттер Теміртаудағы пәтерлердің бірінен табылды. Олардың зорлық-зомбылық өлтірілгені бойынша белгілер байқалмады. Өлімнің себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.