Теміртауда дүкенде газ жарылып, ғимарат опырылды.
Бүгін сағат 8:06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесінде орналасқан 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер барған уақытта ғимараттың толық қирап, жанғаны анықталды.
Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Құтқарушылар үйінділерді бөлшектеуге кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды. Қазір оқиға орнына қосымша 23 адам мен 5 техника бара жатыр.
Сағат 8:44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтыланып жатыр). Оның айтуынша, үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасып жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.
Сағат 9:08-де 40 шаршы метр алаңда өрт оқшауланды.