Теміртау қаласында 36 әскери қызметші ауруханаға түсіп қалғаны хабарланды, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.
Жағдай Instagram желісіндегі Denski_blog парақшасында хабарланды.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
"2024 жылғы 18 тамызда Теміртау қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды. Оның ішінде 31 әскери қызметші алдын ала қойылған ішек инфекциясы диагнозымен және 5 әскери қызметші жіті респираторлық вирустық инфекциялар диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді. Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың жағдайы қанағаттанарлық, жаңа шағымдар тіркелген жоқ" , - делінген хабарламада. Бұл оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.