Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Темірлан Анарбеков - ҚПЛ-да үздік қақпашы емес”: Ермұхамед Мәулен ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

09:36, 16 желтоқсан 2025

Танымал журналист, спорт комментатор Ермұхамед Мәулен “Қайрат” футбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің ішкі чемпионаттағы ойыны жайында күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

2025 жылғы ҚПЛ маусымы аяқталған соң Темірлан Анарбеков “Үздік қақпашы” номинациясын жеңіп алды. Спорт саласында жүроен журналист бұл номинацияға ішкі чемпионатта сейв саны мен ойын саны жөнінен Анарбековтен де мықты қақпашылар барын алға тартты.

Мен келіспеймін. Шынымды айтайын. Мен таңғалдым. Не қылып жүр оның ішінде? Мұхамеджан Сейсен жеңуі керек еді. Заруцкий болды, Сейсен болды. Заруцкий кейін жарақат алып қалды. Ол да мықты тұрды. Негізі “Оқжетпестің” қақпашысы болды ғой. Қажымұқан Төлепберген деген. Үшінші адам қылып, соны қосу керек еді. Темірлан Анарбеков - мықты қақпашы, әңгіме жоқ! Бірақ, чемпионат туралы әңгіме болып жатыр. Чемпионатта 10-ақ матч тұрған. 26 матчтың 10 матчын тұрған. Сейв көрсеткіштері болса да, минут көрсеткіштері болса да үздік үштікте жоқ ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар