Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тектінің тұяғы, асылдың сынығы". Батырхан Шүкеновтың ұлы Бибігүл Төлегенованың ақ батасын алды (ВИДЕО)

19:23, 03 қаңтар 2026

Танымал әнші Батырхан Шүкеновтың ұлы Мақсұт қазақтың бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегеновамен кездесіп, ақ батасын алды, деп жазды Alash.kz. 

Жылы жүздесу Жаңа жыл қарсаңында өткен деп хабарланды. Кездесу сәттері туралы әлеуметтік желіде Лека Савельева есімді қолданушы жазба жариялап, оқиғаның ерекше мейірімге толы болғанын атап өтті.

Оның айтуынша, Батырхан Шүкенов Бибігүл Ахметқызын ерекше қадірлеп, оны екінші анасына балаған. Консерваторияда оқып жүрген жылдары да өнер иесінің шаңырағы Батырхан үшін жылуы мен мейірімі мол, рухани мекен болған.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты жылы қабылдап, Мақсұт пен Бибігүл Ахметқызына ақжарма тілектерін жаудырды. Көпшілік бұл кездесуді өнер сабақтастығы мен рухани жалғастықтың жарқын көрінісі ретінде бағалап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар