Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тек сүйегін сындырса жазаланады". Ауғанстанда тәліптер әйелдерді ұруға рұқсат беріп, дүре соғатын жаза енгізді

20:57, 07 ақпан 2026

Ауғанстанда Талибан билігі жаңа Қылмыстық кодексті ресми түрде қабылдады. Алайда құжат адам құқықтары ұйымдары мен халықаралық қауымдастық тарапынан қатты сынға ұшырады. Бұл туралы  Alash.kz хабарлады.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа кодекстегі бірқатар нормалар тұрмыстық зорлық-зомбылықты заңдастырып, әйелдер мен балалардың негізгі құқықтарын айтарлықтай шектейді. Атап айтқанда, әйелге келтірілген дене жарақаты үшін қарастырылған жаза кейбір жеңіл қылмыстармен салыстырғанда әлдеқайда жұмсақ.

Құжаттағы 32-бап ерекше наразылық тудырды. Онда жұбайына қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адам әйелінің сүйегі сынғанын немесе денесінде анық көрінетін жарақат пен көгеру барын дәлелдеген жағдайда ғана 15 тәулікке қамауға алынатыны көрсетілген.

Жаңа кодекс әлеуметтік бақылауды, патриархалдық қағидаларды және идеологиялық талаптарды жеке құқықтардан жоғары қояды деген сын айтылып отыр.

Сонымен қатар діннен бас тартқандарға қатысты жазалар да қатаңдатылған. Кодекстің 58-бабына сәйкес, исламнан бас тартқан әйелдер өмір бойына бас бостандығынан айырылып, тәубе етіп, исламға оралғанға дейін әр үш күн сайын 10 дүре соғуға жазалануы мүмкін. Ал ер адамдарға Ханафи құқық мектебінің қағидалары қолданылып, өлім жазасына кесілмес бұрын тәубе етуге үш күнге дейін уақыт беріледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар