Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тек анасы жүрген жоқ: Демеу Жадыраевтың жұбайы мен анасын құшағына қысқан әдемі видеосы тарады

14:57, 13 тамыз 2024 803

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс медаль алған Демеу Жадыраевтың анасы және әйелімен бірге тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Отандасымызды Алматы әуежайында Алматы облысының әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері қарсы алған еді. 

Ауылдастары мен өзіне етене жақын жандары Жадраевтың бұл жүлдесін дүркіретіп ресторанда тойлатқан. Осы сәтте Демеу Жадраевтың әйелі мен анасын қойнына қысып құшақтаған әдемі видео әлеуметтік желіге тарап кетті. 

Ол жерде асаба: Әйеліңді де құшағыңа ал, ел тағы "мамасының баласы" деп жүрер",- деп айтып жатқаны анық естіледі. 

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу Жадраев ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовтан 3:1 есебімен басым түсті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар