Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Техника қайда, министр мырза?": Талдықорғанда өрт сөндіруші 3-қабаттан құлап кетті (Видео)

11:40, 08 мамыр 2025 175

Оқыс оқиға Талдықорғандағы тұрғын үйдің біріндегі өртті сөндіру кезінде болған.

Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрлардан өрт сөндірушінің үшінші қабатқа баспалдақпен көтеріліп бара жатқанын көруге болады.

Ол жанып жатқан пәтерге терезе арқылы кірмек болғанда, жерге құлап түседі. Ал баспалдақ болса дірілдеп тұр.

Желі қолданушылары жағдайға түрлі пікір білдіріп жатыр. Олар: “Техника қайда, министр мырза?”, “Ақшаның бәрі шенеуніктерде. Ал жас жігіттер өліп жатыр” деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар