Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тегім үш рет ауысқан. Әкем қайтқаннан кейін…»: Әли Оқапов отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

18:41, 12 маусым 2026

Әнші Әли Оқапов тегінің бірнеше мәрте ауысқанын, оған не себеп болғанын айтты, деп жазады Alash.kz.

Taboo бағдарламасына берген сұхбатында Роза Рымбаеваның тұңғышы әкесі өмірден озғаннан кейінгі жылдар туралы сөз қозғады.

Інім құжат бойынша Мәди Рымбаев. Мен Әли Оқаповпын. Неге олай дейсіз бе? Менің тегім 3 рет ауысқан. Туғанда Оқапов болдым. 90-жылдары жаңалық болды ғой. Қазақи тектер пайда болған кезде мен «Әли Тасқынұлы» болдым. Әкеміз қайтқаннан кейін қиын және қауіпті кезеңдер болды. Сол қауіпті кезеңдерде анамыз жанымыздан табылмаса немесе бірдеңе сақтау үшін, кем дегенде болашақта сол сақтандырып тұрсын деп, анамыз екеумізді де «Рымбаев» деп ауыстырды. Иә, болды сондай қауіпті кезеңдер. Оны ашып айтуға менің құқым жоқ. Бірақ, аман-есен сол кезеңнен өткеннен кейін, жасым 16-ға келгенде мен өзім айттым. «Мама, мен негізі Оқаповпын ғой. Қайтарайыншы!» дедім. Ол «Балам, сен өзің білесің! Өзің шеш! Жауапкершілігің өзіңнің мойныңда. Тек қана қолдаймын» деп айтты. Солай мен қайтадан «Оқапов» болдым. Ал, Мәдиді біз қалдырдық. Өйткені, ол анамнан аумайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар