Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тауып жазалау керек" - Депутат Әбенов қоғамда өте өзекті мәселеге тоқталды

09:50, 11 желтоқсан 2025

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов зейнетақы жинағындағы қаражатты тіс емдеуге пайдалану мүмкіндігінің тоқтатылғанына сын айтты, деп жазады Alash.KZ.

Оның айтуынша, бұл шешім қарапайым азаматтардың құқығына кері әсер етіп отыр.

Депутат мәселе шешілмей қалатын болса, тіс емдеу қызметін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті арқылы қаржыландыруды қарастыру қажет екенін атап өтті.

«Кейбір тұлғалардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы үшін бүкіл халық зардап шекпеуі тиіс. Құйтырқы әрекеттерге барғандарды анықтап, жауапқа тарту қажет. Ақыр соңында бұл – азаматтардың өз қаржысы», – деді Әбенов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар