Танымал ұстаз Оралхан Сейдманов “Өнер қырандары” театрының жетекшісі Мадияр Серікбаевқа қатысты еш жерде айтылмаған құпиямен бөлісті, деп жазады Alash.KZ.
Дін өкілі актердің студент кезінен сыр шертті.
“Мадияр мырза оқып жүрген кезінде Таугүл мешітіне келіп, тегін тамақ жеп кететін. Қасына достарын ертіп келіп, уағыз тыңдайтын. Сөйтіп жүріп дін жолына түсіп кетті. Кинода да соны әдемі сомдаған. Қателегінен сабақ алуын киносына кірістірген. Одан кейін тағы бір керемет эпизод – анасымен қарым-қатынасы. Өмірде Мадияр өнер деп сыртта көп жүрді. Сол кезде анасы дүниеден өтті. Жаназасына қатысып қана үлгерді. Оны да киносына кірістірген. Жігіттердің фильмі өте әсерлі шыққан”, – деді ұстаз.