Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тәуекел бар жерді терең зерттейміз: Антикор басшысы спорт саласының былығын айқара ашпақ

17:28, 04 қыркүйек 2024 1258

Антикор басшысы Асхат Жұмағали спорт саласындағы былықпен қалай күрес жүргізетінін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Бұл туралы 1bol.kz спорт сайты мәлімдеді.

«Біз сараптама жүргізіп, өз ұсыныстарымызды бердік. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмай, олардың орындалуын міндетті түрде қадағалаймыз. Тәуекелдер әлі де жойылып кеткен жоқ. Спорт министрлігіне қарасты ведомство басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер де бар. Жақында ғана спорт дирекциясының басшылығына қатысты тергеуді аяқтадық. Олар қамауда. Іс сотқа беріледі. Аймақтарда басқарма басшыларының оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін пара алғаны туралы фактілер бар. Олар да тергелуде. Бұл жұмыс жалғаса береді. Тәуекел бар жерді тереңірек зерттеуге тырысамыз. Көрсеткіштің артынан қуып, сандарды ғана мақсат тұтпаймыз. Бізде сыбайлас жемқорлық картасы бар. Спорт саласы да осы сыбайлас жемқорлық жоғары салалардың картасына енеді. Сондықтан жұмыс жүйелі түрде атқарыла береді. Кешенді, мақсатты жұмыс қой. Қылмыс жасалғаны анықталса, заңға сәйкес тиісті шешім шығарылады», - деді ол.

Осыдан біраз уақыт бұрын Асхат Жұмағали ҰОК басшысы Геннадий Головкинмен де кездесіп, бірге жұмыс істеу туралы келіскенін айтқан.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар