Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тәтті сатып алатын ақшамызды Қазақстанға жібереміз - Моңғолиялық оқушылар

13:37, 18 сәуір 2024 938

Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағына қарасты Өлгей сұмынының оқушылары Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен халыққа қолдау білдіріп, видеосәлемдеме жолдады. Бұл туралы "Отандастар қоры" хабарлады.

"Отандастар қоры" баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өлгей сұмынында орналасқан №1 жалпы білім беретін мектебінің 6 "Б" сынып оқушылары Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен аймақ балаларына 200 мың төгрөг ақша аударды. Сондай-ақ олар видеожолдауда қазақстандық балаларға қолдау білдіріп, Моңғолиядағы қандастарды Қазақстан халқын қолдауға үндеді.

Бірінші оқушы:

"Өзің ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

Екінші оқушы:

Бір үй аш болса, бір ауыл аш. Бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш. 

Үшінші оқушы:

Біз күнделікті керектенетін, тәтті заттар сатып алатын ақшамызды осы жолы қазақстандық достарымызға жібереміз. 

Төртінші оқушы:

Сыныбымыздың және мұғаліміміздің атынан қазақстандық достарымызға 200 мың төгрөг ұсынамыз.

Бесінші оқушы:

Қазақстан Республикасының кейбір өңірлерінде су тасқыны болып жатыр. Қазақ халқы – басына іс түссе, бір-біріне көмектесетін бауырмал жандар. Моңғолиядағы барша ағайынды Қазақстанға көмектесуге шақырамыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар