Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тарихи тұлғалар қатарына қосылды”: Марқұм Салтанаттың ағасы жағымды жаңалығын бөлісті (ФОТО)

12:53, 06 қазан 2025 181

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тұлғалары пантеонына енгізілді. Бұл туралы марқұмның бауыры Айтбек Амангелді айтты.

Айтбек Амангелдінің айтуынша, ол анасымен бірге Қостанай облысындағы "Амангелді" кешеніне барып, мемориалдық қабырға мен пантеонды арнайы көрген.

"Бұл пантеонда Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалардың арасында Салтанаттың есімі жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Бұған дейін біз Павлодардан топырақ алып келіп, ескерткішке капсула түрінде тапсырғанбыз. Мұнда Салтуды ел тарихына әсер еткен тарихи тұлғалардың қатарына қосқан. Бұл жолға шыққан әрбір шақырым мен сағаттың бәрі соған тұрды", – деп жазды Айтбек Амангелді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар