Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тарихи тұлға деп танылуы керек" - Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Шахановқа көше атын беру жайлы ойын айтты (ВИДЕО)

17:46, 30 сәуір 2026

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт марқұм Мұхтар Шахановқа Алматыдан көше атын беру туралы қоғамдық пікірге қатысты өз ойын айтты, деп жазады Alash.KZ.

Журналистерге берген сұхбатында Мәжіліс депутаты марқұм Шахановқа көше атын беруге кедергі жоқтығын айтты.

"Көше атын беру үшін бес жылдық меже бар, тарихи тұлға деп танылуы керек. Бірақ бізде тұлғалар жоқ емес, бар. Тірі кезінде де көшенің аты берілген адамдар бар. Сондықтан бұл жерде Шаханов сияқты қайраткерге қатысты кедергі көріп тұрғам жоқ. Жоғары жақ бір шешім қабылдайтын шығар. Себебі, Мұхтар Шаханов Алматының қақ ортасынан бір көшенің атын алуға лайықты тұлға деп ойлаймын" дейді мәжіліс депутаты. 

Естеріңізде болса, бұған дейін Алматыдағы Розабакиев көшесін Мұхтар Шахановқа өзгерту туралы желіде үндеу тараған болатын. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар