Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тарихи жетістік”: Сүйінші! Нартай Аралбайұлы бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

15:56, 03 қараша 2025 1056

Оңтүстік Кореяда дәстүрлі садақ атудан өтіп жатқан әлем кубогында ел қоржынына алғашқы алтын түсті. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты, Дәстүрлі садақ ату Федерациясының президенті Нартай Аралбайұлы желідегі парақшасында сүйіншіледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Тарихи жетістік, ағайын!

Кореяның Ульсан қаласында Дәстүрлі садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатқанын айттым. Садақшыларымызды аттандырдық! 

Шүкір, алғашқы алтын қоржында! 

 90 метр қашықтықтан нысана көздеуде командалық жарыста Алтын медальді жеңіп алдық!!! 32 команданы озып шықтық!

Жеңімпаздарды, садақшы бауырларымды құттықтаймын! 

Бұйыртса ертең жекелей сайыстар өтеді, финалға шыққан садақшыларымыз бақ сынайды! Бәріне сәттілік тілеймін! 

Дәстүрлі садақ ату Федерациясының президенті ғана емес, қарапайым жанкүйер ретінде қатты қуанып отырмын!”,- деп жазды Нартай Аралбайұлы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар