Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тараздағы кафелердің бірінде ер адам тағамға тұншығып қайтыс болды

17:09, 14 шілде 2024 657

Тараз қаласындағы  "Мамед" мейрамханасында ер адам тағамға тұншығып, қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Мейрамхана қызметкерлері зардап шеккен жанға алғашқы көмек көрсетпек болған. Алайда, оны аман алып қалу жүзеге аспады. 

Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасының желідегі диспетчері қоңырау шалушыларға реанимациялық шараларды қалай жасау керегін кезең-кезеңімен айтып отырған.

"2024 жылдың 30 маусымында сағат 21:13-те Ташкентская, 164, "У Мамед" кафесі мекенжайы бойынша "103" пультіне қоңырау түсті. Шақыруға ентігу және көмейге бөгде заттың тұрып қалуы себеп болған. Досы қоңырау шалды. Қоңырауға кідіріссіз қызмет көрсетілді. Келгеннен кейін бірінші мамандандырылған топ жедел жәрдем келгенге дейін биологиялық өлімді анықтады. Мәйіт оқиға орнында қалдырылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды", – дейді Жедел медициналық қызмет көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Күлзахира Қызғараева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар