Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таратыңыз: 44 жастағы әйел 6 күннен бері табылмай жатыр

18:22, 18 маусым 2024 761

Ақмол облысында 44 жастағы әйел адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, жоғалған Гүлнұр Ерназарқызы Досанованың денсаулығында психикалық ауытқуы бар. Ол 12 маусым күні сағат 13:30 шамасында үйден шығып, содан қайтып оралмаған. Бұл туралы Целиноград ауданының Талапкер ауылында тұратын оның 59 жастағы туған әпкесі полицияға хабарлап айтты.

Жоғалған адамның бойы 160-165 см, дене бітімі арықша келген. Шашы қара түсті, иығына түскен. Денесінде ерекше белгілері жоқ.

Үстіне қара түсті шалбар, ақ және көк жолақтары бар көк түсті спорттық костюм, ақ түсті кроссовка киген.

«Қазіргі уақытта жоғалған әйелді іздеуге Целиноград аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ жақын маңдағы полиция бөлімдері бағытталған. Бағдарлар Астана қаласы мен көршілес облыстардың ПД-на жіберілді. Полиция қызметкерлерінен және жоғалған адамның туыстарынан арнайы іздеу топтары құрылды. Олар такси және автобус жүргізушілерінен, сондай-ақ теміржол вокзалы мен автостанция қызметкерлерінен сұрастырып жатыр», — деді ведомстводан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар