Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тапқандар 5 миллионға дейін береді": Ләйлә Сұлтанқызының анасы дау болған мәһір туралы айтты

13:16, 21 қараша 2024 962
 

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының анасы елімізде қалыңмал мен мәһірді біріктіру мәселесі туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Ләйлә Сұлтанқызы ҚМДБ-ның қалыңмал мен мәһірді біріктірген шешіміне қатысты анасы не ойлайтынын білді. 

«Дұрыс болған екен. Қалыңмал мен мәһір бірге болсын. Біздің Шымкент жақта миллион еді (қалыңмалдың құны), екі миллионға көшті. Оған мәһір қосылып еді.

Бәрін бірге қосқаны дұрыс болған екен. Біздің заманда мәһір де жоқ, түк те жоқ. Неке суына тиын салады. Молда келеді, сол суды сен іш, мен іш. Сонымен болды. Мәһірді дегенді енді естідік қой. Қалыңмал да азғантай уақыт болатын», - дейді Ләйлә Сұлтанқызының анасы.

Тележүргізушінің анасы сөз арасында Шымкентте қалыңмал қанша екенін айтып қалды. 

«Былтыр 2 миллион теңге болатын. Биыл 3 миллион дейді ғой. Тапқандар 5 миллионға дейін береді. Ал негізі орта есеп 2 миллион болып тұр. Оның ішіне мәһір жоқ. Мәһірі бөлек. Енді екеуін біріктірген болса, 3 миллион болады деген сөз шығар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар