Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танысуға тырысқан еркекті әйел адамдар жабылып ұрып, мерт қылды

09:44, 11 наурыз 2025 962

47 жастағы ер адам кафеде достарымен отырып, әйелдермен танысуға тырысқан. Алайда әйел адамдар оны өлтіріп тастаған, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап. 

Әйел адам ер адамның бұл қылығына ашуланып, 18 жастағы қызына хабарласып, оны ер адам ұрып жібергенін айтқан. Қызы құрбысымен келіп, ер адамды сыртқа алып шыққан. 

Қыздар жабылып, ер адамның басынан бірнеше соққы жасаған. Қыздың құрбысы ер адам есінен танып қалғанына қарамастан басынан тепкен. 

Ер адам комаға түсіп, артынша мерт болған. 

Үш әйел ұсталып, артынша өлімнің нақты себебін анықтау үшін қамаудан босатылған.  

Куәгерлердің сөзінше, олар мас болған. 

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар