Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал қазақстандық журналист өмірден озды

21:00, 03 маусым 2025 579

Қазақстандық журналист, карикатурашы Ибрагим Күбеков өмірден озды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

«Кеше Бургас қаласында менің әкем Ибрагим Күбеков өмірден озды. Қоштасу рәсімінің күні мен орны жайлы кейінірек қосымша хабарлаймын», – деп мәлімдеді журналистің ұлы Евгений сейсенбі күні.

Ибрагим Күбеков – 1990-жылдардың басында «Караван» газетінің редакциясынан шығармашылық жолын бастаған танымал журналист әрі карикатурашы. Ол оқиғалар мен кейіпкерлердің болмысын жарқын әрі дәл жеткізетін иллюстрацияларымен танымал болды. Оның кейбір суреттері тіпті мәтінсіз-ақ мазмұнын толық ашып тұратын.

Күбеков тек суретші ғана емес, редактор, корректор, иллюстратор әрі өзі ашқан Есік қаласындағы газеттің таратушысы да болған.

 Саясаткерлер мен шенеуніктерге арнаған шарждары мен карикатуралары өткір сатирамен ерекшеленетін. Әріптестері оның еркін ойлайтын, нақты көзқарасты, қолы нық суретші болғанын айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар