КСРО халық әртісі Олег Янковскийдің жиені және актерлер әулетінің өкілі Игорь Янковский қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оның өліміне соңғы жылдары күресіп келген онкологиялық ауру себеп болған. Бірнеше күн бұрын ол ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.
Янковский Ресей жарнамалық Агенттіктер Қауымдастығының (АКАР) негізін қалаушылардың бірі болған және 2004 жылдан бастап оның президенті қызметін атқарған. 1990 жылдардан бастап жарнама бизнесінде жұмыс істеген.