Ямайкалық танымал боксшы, спорт аңызы Майк Маккаллум 68 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
BoxingScene порталының мәліметінше, үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған бұрынғы ямайкалық боксшы Майк Маккаллум 68 жасында өмірден озды.
Экс-боксшының спорт залына бара жатқан жолда көз жұмғаны хабарланды.
Майк Маккаллум (1956 жылы 7 желтоқсанда Ямайканың Кингстон қаласында туған) – кәсіби бокста ерекше із қалдырған ямайкалық спортшы.
Оны жанкүйерлер «Дене ұрлаушы» деген лақап атпен таныған, себебі қарсыластарының денесіне бағытталған ауыр соққыларымен әйгілі болған.
Ол бірнеше салмақ санатында өнер көрсетіп, WBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта (1984–1987) және орта салмақта (1989–1991), ал WBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта (1994–1995) әлем чемпионы атанған.
Кәсіби мансабында 56 жекпе-жек өткізіп, оның 49-ында жеңіске жеткен, оның ішінде 36 кездесуін нокаутпен аяқтаған.