Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Танымал актриса өз үйінде өлі табылды (ФОТО)

11:46, 03 наурыз 2025 1364

Америкалық актриса Мишель Трахтенберг 39 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның денесін 26 ақпан күні таңертең Манхэттендегі пәтерінен анасы тапты.

Полиция актрисаның өлімін растады, алайда нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

Трахтенберг 2024 жылы бауыр трансплантациясын өткерген болатын.

Кейбір деректер бойынша, оның өлімі ағзаның қабылданбауынан болуы мүмкін. 

Мишель Трахтенберг 1985 жылы 11 қазанда Нью-Йоркте дүниеге келген.

Актерлік мансабын 9 жасында бастап, Nickelodeon арнасындағы «Пит пен Питтің бастан кешкендері» сериалында Ноно Мекленбург рөлін сомдады.

Кейін «Баффи — вампирлерді өлтіруші» сериалында Дон Саммерс рөлімен танымал болды. Сонымен қатар, «Евротур» комедиясында және «Сплетница» сериалында Джорджина Спаркс рөлін ойнады. 

Трахтенбергтің анасы Ресейде дүниеге келген, сондықтан актриса орыс тілін жетік меңгерген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар