Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тәңіршілдік - дін емес. Бұлар адасушылар болуы мүмкін" - Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин

18:19, 29 мамыр 2024 1350

Қазақстанда жарияланған тәңіршілдік сенімін дін ретінде мойындалуды талап ететін петицияға қатысты депутат пікір білдірді. Мәжіліс кулуарында Еділ Жаңбыршин тәңіршілдікі талап еткендердің "адасушылар болуы мүмкін" екенін айтып, Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім, Абайлардың "адаспағанын" ескертті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Депутат Еділ Жаңбыршиннің пікірін Qaz365.kz порталы жариялады. Депутат өз пікірінде тәңіршілдіктің деген дін емес екенін,ата-баба ислам дінін ұстағанын айтады: 

«Тәңіршілдік деген дін емес. Біздің ата-бабамыздың ұстаған діні – ислам. Сондықтан бұлар адасушылар болуы мүмкін. Дұрыстап оқысын, зерттесін. Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім, Абайлар адаспаған шығар деп ойлаймын», - дейді Еділ Жаңбыршин. 

Сонымен қатар, депутат өзінің ислам дінін ұстанатынын айтып, өз зерттеулерінің, ізденісінің, сенімдерінің нәтижесінде дінді өзі таңдайтынын жеткізді:

«Әркім өз зерттеулерінің, ізденісінің, сенімдерінің нәтижесінде дінді өзі таңдайды. Ең бастысы дін терроризм мен экстремизмнің құралы болмауға тиіс. Дінді саяси құралға айналдыруға болмайды. Ол қоғамда дау тудырмауы керек. Егер мұндай белгілер болса, онда бұл дін емес. Бізде тиісті мемлекеттік органдар бар. Олар петиция мен ұсыныстарға өздері жауап беріп, қарастырады», – деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Epetition.kz ресми сайтында Қазақстанда тәңіршілдікті дін ретінде тануды сұрайтын петиция жарияланды. Біз үндеудің Әділет министрі Азамат Есқараевқа жолданғанын жазғанбыз:

Қазақстанның тәңіршілері атынан «Діни қызмет және діни қызмет туралы» заңына сәйкес «Тәңір елі» республикалық тәңірлік діни бірлестігін ресми тіркеуге қатысты біздің бастамамызды қолдауыңызды сұраймыз. Соңғы жылдары Қазақстанда ерте орта ғасырларда бірқатар көне түрік қағанаты мен империяларының күшеюі кезінде қалыптасқан тәңірлік наным-сенімдерді ұстанушылар саны артып келеді. Тәңіршілмін деп ашық айтатын азаматтардың саны бірнеше жылдың ішінде 1 миллионнан асады деген болжам бар, – делінген петицияда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар