Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тәңіршілдікті дін ретінде ресми енгізу туралы петиция жарияланды

17:41, 28 мамыр 2024 580

Қазақстанда тәңіршілдікті ұстанатындар петиция жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Epetition.kz ресми сайтында жарияланған петиция үндеуі Әділет министрі Азамат Есқараевқа жолданған.

Қазақстанның тәңіршілері атынан «Діни қызмет және діни қызмет туралы» заңына сәйкес «Тәңір елі» республикалық тәңірлік діни бірлестігін ресми тіркеуге қатысты біздің бастамамызды қолдауыңызды сұраймыз. Соңғы жылдары Қазақстанда ерте орта ғасырларда бірқатар көне түрік қағанаты мен империяларының күшеюі кезінде қалыптасқан тәңірлік наным-сенімдерді ұстанушылар саны артып келеді. Тәңіршілмін деп ашық айтатын азаматтардың саны бірнеше жылдың ішінде 1 миллионнан асады деген болжам бар, – делінген петицияда.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар