Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Таңғы асыма дейін төсегіме әкеліп береді": Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелетінін айтып мақтанды

20:45, 15 желтоқсан 2024 3097

Әнші Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелетінін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Мен күйеуімнің қасында бейқаммын, еш уайымым жоқ. Тек ұйқымды қандырып, еркелеп жүремін. Таңғы асыма дейін төсегіме әкеліп береді. Мені солай еркелетіп отырады. Жақсы нәрсеге етің тез үйренеді. Тіпті тамағымды істейді. Кейде үйде тамақ істегің келмей қалады. Түсті асты мен дайындасам, таңғы асты күйеуім дайындайды. Осылай бөліп алғанбыз. Кешкі ас ішілмейді. Екеуміз жарысып кітап оқимыз. Оқыған кітаптарымызды талдап, дискуссия жасаймыз. Осындай қызық нәрселер бар. Кейде бәрі кинодағыдай болып кетеді. Бірақ өмірде шынымен де сондай күйеулер бар екен", - деді Айгүл Иманбаева "Жетінші арнаның" "Жарқыраған Жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар