Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тамаша жаңалығымыз бар! Құттықтаймын»: Мәулен Әшімбаев қуанышты жаңалығын жария етті

16:31, 02 қараша 2026

Отандық «Ерекше» фильмі Мәскеуде өткен XXIV Халықаралық спорт киносы фестивалінде үш бірдей жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы бұрынғы Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, фильм «Үздік режиссер», «Үздік ер адам рөлі» және «Олимпиадалық құндылықтар» аталымдары бойынша үздік деп танылды.

Биыл фестивальге 15 елден 100-ден астам өтінім түсіп, байқау бағдарламасына 57 жоба іріктелген.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, фильмде бочча спортымен айналысатын параспортшылардың өмірі мен табандылығы баяндалады.

«Құрметті достар, тамаша жаңалығымыз бар! 

Қазақстандық «Ерекше» фильмі Мәскеуде өткен XXIV Халықаралық спорт киносы фестивалінде бірден үш марапатқа ие болды. Картина «Үздік режиссер», «Үздік ер адам рөлі» және «Олимпиадалық құндылықтар» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.

Биыл фестивальге 15 елден 100-ден астам өтінім түсіп, байқау бағдарламасына 57 жоба енді.

Біз үшін бочча спортына және осы паралимпиадалық спорт түрімен айналысатын жандарға арналған фильмнің осындай жоғары бағаға ие болуы ерекше маңызды. «Ерекше» – адам рухының күшін, табандылықты, өзіне деген сенім мен арманға деген ұмтылысты бейнелейтін туынды. Бұл – қоғамда инклюзия мәдениетін қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.

Фильм режиссері Ернар Нұрғалиевті, актерлерді, продюсерлерді, бүкіл түсірілім тобын, параспортшыларымызды, жаттықтырушыларды және осы жобаға атсалысқан барша азаматты құттықтаймын!

Алда мақтан тұтарлық жетістіктеріміз әлі де көп болатынына сенімдімін. Қазақстанда бочча спортын дамытуды, спортшыларымызға жаңа мүмкіндіктер ашуды және шын мәнінде шабыт беретін олардың оқиғаларын көпшілікке таныстыруды жалғастырамыз», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар