Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тамақ желім сияқты": Атыраудың тергеу изоляторындағы жағдай белгілі болды

09:19, 06 желтоқсан 2024 427

Атыраудың уақытша тергеу изоляторында қызметтік тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Alash.KZ "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Атыраудағы тергеу изоляторында түсірілген видео тарады. Видеода белгісіз адам "бас жаруға болатын" қатты нанды көрсетіп, жарма ботқасы бола ма?" деп сұрайды. 

Ол күнде бір тамақ берілетініне шағымданып, "тергеу изоляторындағы тамақ желім сияқты", - дейді. Сонымен қатар, видео авторы айналасын да көрсетеді.

Қамауда отырған адамның айтуынша, видео 15 қарашада түсірілген.

"Әкімшілік тергеу изоляторы камераларының жағдайы мәз емес екенінен хабардар, бірақ қайта-қайта берген арыз-шағым мен хаттарға көңіл бөлмей бермей отыр", - дейді видеодағы ер адам.

Тергеу изоляторы аумағында ұялы байланысқа тыйым салынған, алайда бұл видео қалай түсірілгені белгісіз.

Атырау облысы ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тергеу изоляторының камерасында белгісіз күдікті тамаққа арыз айтып, мекеменің ішкі жағдайын көрсететін видео түсірген. 30 қарашада бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс басталды деп жазды Massaget.kz.

"Жауапты тұлғалар анықталғаннан кейін заң аясында тәртіптік шаралар қолданылады", - деді ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар