Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Талдықорған әкімі көпбалалы анаға неге дауыс көтерді?

10:53, 17 қазан 2024 100

Желіде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзілдің көпбалалы анаға ұрсып жатқан видеосы тарады, деп жазады Alash.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, бұл оқиға 2023 жылдың қараша айында болған. Әкімнің жеке қабылдауына қала тұрғыны Бақшан Сұлушаш тұрғын үй мәселесімен келген.

“Әкім тұрғын үй мәселесімен жүгінген қала тұрғынына түсіндірме жұмыстарын бірнеше рет жасағанымен, азаматша кезектен тыс заңсыз тұрғын үй беруді сұрады. Бұған дейін де солай болғанын бірнеше рет қайталап, заңсыз баспана беруді талап етті”, – делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, видеода тек қала әкімінің түсіндіру сәті ғана кесіліп алынған. Дегенмен, қала әкімі азаматшаның ар-намысына және жеке басына қатысты дөрекілік танытпады дейді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?