Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Талантсыз тыңшы ма?": Баян Мақсатқызының көлігін кім аңдып жүр?

20:32, 30 қыркүйек 2024 445

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзін белгісіз біреу аңдып жүргенін айтты. Бейтаныс жігіт продюсердің машинасының нөмерін түсіріп алған, деп хабарлайды Alash.KZ.

"Анау менің тұрақта тұрған машинам. Офистің алдында тұр. Әрі қарай не болғанын қараңыз. Талантсыз тыңшы ма, автоблогер ме? Машинаның нөмері не үшін керек", – деп жазды продюсер.

Еске салайық, жақында 50 жасын дүркіретіп атап өткен продюсерге күйеуі елде жоқ көлік сыйлаған еді.

"Тұрсен туған күніме Меладзені шақырып, дуэт айтқызды. Бөлек тағы да өте жақсы сыйлық берді. Ол – көлік. Маркасы – Rolls-Royce. Бірақ оған әлі мінген жоқпын, шамасы, түсі көк пе, көгілдір ме, сондай. Әлі көрмедім, көруге уақытым жоқ. Келген қонақтардың да сыйлығын ашпадым. Бәрін көріп, ашуға мүлдем уақытым жоқ", – деп ағынан жарылған еді продюсер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?