Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Таксиге отырғанын айтқан: 17 жастағы қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

09:16, 28 қаңтар 2025 1601

Арайлым Ермекбайдың жоғалғанына бір аптадан асты. Оқушы қыз кейінгі рет "Алаш" базарының маңынан таксиге отырып, одан кейін мүлдем байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Alash.kz Ontustik tv телеарнасынасілтеме жасап. 

Анасы Шынар Әжібекова бұрын-соңды қызының оғаш қылығын байқамаған. Сабағын оқып, қосымша курсқа қатысып жүрген Арайлым арасында Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылынан Шымкентке барып, жұмыс істеген.

Оқушы қыз 21 қаңтарда жұмыстан шығып, 20:30 шамасында анасына хабарласқан. Ол "Алаш" базарының маңындағы кафелердің біріне телефонын қуаттауға кіріп, 1,5 сағаттан кейін де анасының қоңырауына жауап берген. Ол кезде аялдамадан таксиге отырғанын айтқан. Одан кейін хат-хабар жоқ.

Арайлым – үйінің екінші перзенті. Атамекен жалпы орта мектебінде 11-сыныпта оқиды.

Дәрігер болуды армандайды екен. "Біреуге ашылып сырын да айта бермейтін" дейді анасы.

17 жастағы қызын екі тәулік бойы өздері іздеп таппаған соң Абай аудандық полиция басқармасына хабарласқан. Одан бері де бес күн өткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар