Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Такси қызметіндегі тай әйелі 14 жастағы қызды ұрлап кеткен (ВИДЕО)

10:20, 18 ақпан 2025 2256

Ресейлік қызды соққыға жыққан такси қызметіндегі тай әйелі 14 жастағы қызды ұрлады деп айыпталуда, деп хабарлайды Alash.kz.

Таиландтағы ресейліктердің айтуынша, оқиға 2022 жылдың қарашасында болған. Сол кезде 14 жастағы қыз мектепке таксимен бара жатқанда, жүргізуші (жақында ресейлік қызды ұрған әйел болуы мүмкін) оны мүлде басқа жаққа алып кеткен.

Жүргізуші әйел қыз бен оның ата-анасына боқауыз сөздер айтып, айқайлаған. Бұл сәтте оқушы қыз анасын дауыстық хабарламалар арқылы болған оқиғадан хабардар етіп отырған. Аудиода жүргізушінің айқайы естілген. Ол “бұл – менің елім” деп айқайлаған.

Біраз уақыттан кейін жүргізуші қызды бейтаныс жерде түсіріп, өзі кетіп қалған. Оқушы жақын маңдағы кафеге жүгіріп кіріп, кейін ата-анасы оны сол жерден тауып алған.

Қыздың ата-анасы полицияға арыз жазған, алайда олардың айтуынша, ешқандай тергеу жүргізілмеген. Енді олар жақында таксиде ресейлік қызға шабуыл жасаған жүргізуші – сол кездегі адам ұрлаушы екенін айтып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар