Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тайландта қазақтандық екі қыз құлдыққа түскен

05:12, 22 ақпан 2024 387
100-ге жуық отандасымыз шет елдерде құлдықта жүр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.
«Соңғы екі жылда Таиландпен шекарада орналасқан Мьянма, Лоаста 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскен. Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумағынан 28 қазақстандық шығарылды. Қазір жоғарыда аталған елдің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында отыр деген ақпарат бар», – деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

СІМ өкілі Тайландқа жұмыс іздеп барып, құлдыққа түскен екі қазақстандық қыздың қалай құтқарылғанын айтып берді.
«Биыл қаңтар айының соңында Таиландағы консулдыққа «Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қай мемлекет екенін білмеймін... Құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер» деген хабарлама түсті. Осылайша, екі Қазақстан азаматы (екі қыз) алданып, «алтын үшбұрышта» құлдыққа түсіп қалған. Бір қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп, алданып қалған. Сөйтіп, Таиландқа жұмыс істеуге барған. Адам басына 10 мың доллардан ақша сұрады. Олардың өзінде де, туыстарында да ақша болмаған. Жергілікті билікпен бірлесіп, бір ай ішінде екі қызды құтқардық. Қазір олар Қазақстанға ұшып келе жатыр. Ақша талап еткен шетелдіктерге бір тиын да берген жоқпыз», – деді ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар