Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Таяу Шығыс босқындарын қабылдай ала ма?»: Сыртқы Істер Министрлігі жауап берді

18:54, 03 наурыз 2026

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан жағдайда босқындарды қабылдаудың арнайы хаттамалары бар екенін мәлімдеді. Министрлік өкілі мемлекеттік органдардың тиісті іс-қимыл жоспары бекітілгенін атап өтті, деп жазады Alash.kz.

Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев Таяу Шығыстағы қақтығыс аймақтарынан келуі мүмкін босқындар легіне қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Иранда немесе өңірдегі өзге елдерде тұратын этникалық қазақтар тарапынан елге оралу немесе көмек сұрау туралы ресми өтініштер тіркелмеген.

Еліміздің мұндай жағдайға дайындығы туралы сұраққа жауап берген Әлібек Бақаев:

«Әзірге қандастардан ондай өтініш келіп түскен жоқ. Әрине. Мұндай хаттамалар бар. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде қандай жұмыс жүргізу керегін біледі. Бірақ тағы да атап өтемін, мұндай өтініш түскен жоқ, ондай дабыл жоқ», – деп нақтылады.

Вице-министр қазіргі таңда жағдай бақылауда екенін және шұғыл шараларды қажет ететіндей сигналдар түспегенін жеткізді. Дегенмен, құзырлы органдар кез келген сценарий бойынша жұмыс істеуге қауқарлы екенін білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар