Тағы бір дәмхана қазақша мәзір беруден бас тартты, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сілтеме жасап.
Тіпті дәмхана иесі келушіге жекеменшік дәмханам, өз қалауым, басымды қатырма, деп жауап берген.
Оның бұл әрекетіне желі қолданушылары булығып, мұны “мемлекеттік тілге құрметсіздік” деп атады.
“Дәмхананың жабылуын талап етеміз”, “Биліктегілер шара қолдансын”, “Оның не қалайтыны маңызды емес. Ол заңға бағынып, мәзірді қазақ тілінде ұсынуға міндетті”, “Айыппұл салу керек”, – деп жазды олар.
Көпшіліктің өтінішімен заңгер Мейірман Шекеев e-otinish арқылы дәмханаға шағым түсірген.
Айта кетейік, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 51 мекенжайында орналасқан “Fresh” дәмханасында барлық ақпарат тек орыс тілінде берілген.