Қазақ балалары шетелде өткен халықаралық олимпиадада ең жоғарғы марапатқа ие болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.
International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиаданың қатарына кіреді.
Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Биыл жас химиктер қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті.
Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.
Айта кетсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропа және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтиже көрсете білді.