Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Табысыңа бәлсініп, босаңсыма!»: Дастан Сәтпаевтың эксклюзивті сұхбаты шықты (ВИДЕО)

18:51, 02 шілде 2026

Еліміздің мақтанышы, англиялық «Челси» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаевтың Лондонға аттанар алдындағы сұхбаты шықты, деп жазады Alash.kz.

«Қайрат» футбол академиясының түлегі туралы видео материал YouTube желісіндегі Kairat TV арнасына жүктелді.

«Осы сәттерге артқа бұрылып қарап тұрып, 10 жылдан кейінгі болашақтағы өзіңізге хат жолдап жатырмын деп елестетіңізші. Болашақтағы өзіңізге не айтар едіңіз?» деген сұраққа жас спортшы былай деді:

«Мен, бәлкім, былай дер едім: «Сенің бұдан да зор белестерді бағындыруға қауқарың жетеді, сондықтан қол жеткізген табысыңа бәлсініп, босаңсыма. Әрқашан өзіңнен қазіргі жетістігіңнен де көп нәрсені талап ет және бойыңдағы тек жеңіске ұмтылатын рухты ешқашан жоғалтпа».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар