Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сыныптасымен жақындасып қойған: 20 жылдық кездесуге барған әйелін өлтірген іске қатысты дау туындады

13:00, 04 маусым 2025 7873

Ош облысында әйелін қызғаныштан өлтірген ер адамға қатысты жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

 Осы оқиғаға байланысты бішкектік блогер Айбек Уланов марқұм әйелдің ар-намысына тиетін даулы жазба жариялады.

Қанды оқиға

Қырғызстанның Ош облысы, Кара-Кулжа ауданында 38 жастағы әйел күйеуі тарапынан өлтірілген. Марқұмның туыстарының айтуынша, 26 мамыр күні әйел жұбайымен бірге мектеп бітірудің 20 жылдығына арналған кездесуге барған. Бұл жағдай күйеуінің қызғанышын туғызып, ол әйелін соңында атып өлтірген.

Қылмысқа күдікті ретінде марқұмның 40 жастағы күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Блогердің даулы жазбасы

Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып жатқанда, Бішкек қаласының блогері Айбек Уланов өзінің Threads желісіндегі парақшасында қоғамда ашу туғызған жазба жариялаған.

«Егер әйеліңіз мектеп бітірудің 20 жылдығында сыныптасымен жақындасып қойғанын білсеңіз, не істер едіңіз?» – деп жазды Уланов.

Бұл жазба қоғамда қатты наразылық туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары оны жауапқа тартуды талап етті.

Блогер құзырлы органға жеткізілді

Бішкек қалалық ІІБ Экстремизм мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес қызметінің өкілдері жедел іс-шаралар жүргізіп, 1994 жылы туған Айбек Улановты тергеу бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп, оның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

 Бейнежазба арқылы кешірім сұрады

Милиция таратқан бейнежазбада Айбек Уланов қырғыз халқынан, әсіресе аналардан, әпке-қарындастардан, сондай-ақ марқұм әйелдің ата-анасы мен балалары, туған-туыстарынан кешірім сұрады.

«Мен қазір Бішкек қалалық ІІБ-да отырмын. Бүгін жасаған ойланбай жариялаған жазбам үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Менің әлеуметтік желідегі жазбам адамның ар-намысына тиетін, марқұмның отбасына ауыр тиюі мүмкін мазмұндағы сөздер болды. Бұл жазбам олардың қасіретін күшейтіп жіберді, және мен толықтай кінәмді мойындаймын. Қырғыз Республикасының заңдары алдында толық жауап беруге дайынмын», – деді Уланов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар