Қазақстанның Халық әртісі атағына ие болған Тамара Асар желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікке алғысын білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Сынақтан кейін, СЫЙ алған күн…
Алланың бұйыртқаны осылай екен.
Бергенін жақсылығымен, қайырымен берсін! Ардақты АҒАЙЫН!
Мені “Қазақстанның Халық әртісі” марапатыммен құттықтап жатқан қалың ел ҚАЗАҒЫМА бас идім. Құттықтаған жандардың әрқайсысының кеудесінде осындай алтын жұлдыз жарқырасын.
“Бұл қалай алды, не үшін алды?”- деген оймен, оған жақ пен тілге жағымсыз сөз қосқан жандар да менің сүйікті көрерменім.
Оларға түсіндіре кетейін:
Мен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында қызмет етіп келе жатқаныма 25 жыл.
Маңғыстаудың тышқан мұрны қанатқан бір мерекесінен қалып көрмедім. Берілетін мемелекеттік айлыққа қанағат етіп,барлық шарасына шақырса да,шақырмаса да өзім барып,әлі күнге қатысамын.
Жаңа костюм, жаңа репертуар барлығын бұлжытпай орындауға тырысамын.
Маған туған жерім риза! Шүкір!
Уақыт өте әндерім Астана мен Алматы сахналарына, @asset_massabay , @serik_sariyev @impresario.tv продюссеріммен жұмыс жасап, әндерім одан әрі бүкіл Қазақ еліне жетті.
Осылайша Қазақ сахнасына жол салып, көрерменімнің кеңістігін көбейттім.
2023 жылы ”Халық әртісі” атағы қайта өз күшіне енгізілген сәтте-ақ, Маңғыстау облысының сол кездегі әкімдігі мен мәдениет басқармасы мені бірінші ұсыныпты.
Сол ұсынудың нәтижесімен, біраз уақыт өткеннен кейін, міне кеше ғана көз алдарыңызда алып отырмын.
Әу деген әрбір әншінің,өнер адамының кәсіби еңбегінің ресми марапаты шабытты шарықтата түсіреді.
Еліме, @filarmoniya_aktau ұжымыма, басшылығыма Шын жүректен алғыс айтамын.
P.S. “Қазақстанның Халық әртісі” атағын Маңғыстау аймағы атынан, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен өз қолынан алу мен үшін үлкен мәртебе!
Түпқараған ауданы, Ақшұқыр деген кішкентай ауылдан шыққан бірінші
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ екенмін…
Бас идім. Шүкір еттім…“,- деп жазды Тамара Асар.